Елімізде шағын және орта кәсіпорындар саны 1,7 млн болды

557

Бір жыл ішінде Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік саны 22,6%-ға өсті.  

Елімізде шағын және орта кәсіпорындар саны 1,7 млн болды Фото: Сыр бойы

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсті, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша олардың саны өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 22,6%-ға артып, жалпы 1 732 696 субъектіні құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің арасында дара кәсіпкерлер үлесі 67,3%, шағын кәсіптегі заңды тұлғалар – 19%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,5%, орта кәсіптегі заңды тұлғалар – 0,2% құрады.

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Мегаполисте 343 мың кәсіпкерлік субъектінің 277 мыңы ғана жұмыс істейді. Астанада тіркелген 224 мың кәсіпорынның 196 мыңы, Түркістан облысында 178 мың субъектінің 175 мыңы жұмыс істейді.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыс істеп тұрған субъектілер арасында 601 мыңы көтерме және бөлшек саудамен; 269 мыңы – ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында; құрылыс саласы – 92 мың субъект бар.

Электр энергиясы, газ және бумен жабдықтау секторындағы шағын және орта кәсіпкерлер аз, бұл салада барлығы – 1 769 субъект бар.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу