Елімізде шағын зообақтардың қызметіне тыйым салынуы мүмкін

1060

Алматы әкімшілігі Ауыл шаруашылығы министрлігіне заң жобасын әзірлеуді ұсынбақ.

Елімізде шағын зообақтардың қызметіне тыйым салынуы мүмкін

Алматы әкімшілігі Ауыл шаруашылығы министрлігіне жануарларды ұстап көруге болатын шағын зообақтарды ашуға тиым салатын заң жобасын әзірлеуді ұсынбақ. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлады. 

"Өкінішке қарай елімізде осындай мекемелердің қызметі заң жүзінде реттелмеген. Соған сәйкес біз Ауыл шаруашылығы министрлігіне жануарларды ұстап көруге болатын шағын зообақтардың қызметіне тиым салатын заң жобасын әзірлеуді ұсынбақпыз",– деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі "Almaty Mall" сауда орталығындағы зообаққа қатысты. 

Сонымен қатар әкімдік мұндай "мәдени-ағартушылық қызмет" адамгершілік қағидаларына сай келмейтінін айтты.

"Біз "Almaty Mall" сауда орталығынның әкімшілігімен аталған зообақ иесімен келісім-шарт бұзылып, ол жабылады деген келісімге келдік", – деді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Бұл мәселе бұған дейін де көтерілген болатын. Қоғам белсенділері бірнеше рет жануарларды қолмен ұстап көруге болатын шағын зообақтарды жабуды ұсынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу