Елімізде шай мен кофе өндірісі 20%-ға артты

1392

Ал импорт 7,6%-ға төмендеді. 

Елімізде шай мен кофе өндірісі 20%-ға артты

2020 жылы Қазақстанда 18,7мың тонна кофе мен шай шығарылды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен  19,9%-ға жоғары, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өңірлер бойынша өндірістің басым бөлігі Алматы қаласына тиесілі. Мұнда өткен жылы 12,6 мың тонна шай мен кофе шығарылған. Алайда мегаполистегі өндіріс көрсеткіші бір жылда 7,2%-ға төмендеген. Одан кейінгі орында Шымкент (4,1 мың тонна), Алматы (1,2 мың тонна) мен Қарағанды 0,8 мың тонна) облыстары. 
Осылайша 2020 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар сұраныстың 32,1%-ын қанағаттандырды. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш 26,6% еді. Ал сәйкесінше импорттың көлемі 67,9%. Елімізде өндіріс көлемі артып, импорт 7,6%-ға немесе 36,3 мың тоннаға қысқарған.

Нәтижесінде ішкі нарықта 47,7 тонна кофе мен шай сатылған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,6% төмен. 

Ақшаға шаққанда импорт 101,2 млн долларды құрады. Елімізге шай мен кофенің негізгі импорттаушылары Кения, Үндістан және Ресей болды.  

Ал 2020 жылдың үшінші тоқсанында әр қазақстандық орта есеппен 58 грамм кофе, 412 грамм қара шай, 33 грамм көк шай ішкен.  

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу