Елімізде шала туылған баланы аман алып қалу мүмкіндігі артты

1172

Елімізде шала туылған баланы аман алып қалу мүмкіндігі артты

Елімізде шала туған балалар саны жыл сайын өсіп барады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Оларды адам қатарына қосуды үйрендік деген дәрігерлер болашақ аналардың өз денсаулығына немқұрайлы қарайтынына қынжылады. Дұрыс тамақтанбаған, медициналық тексеруден уақытында өтпеген әйелдер ай-күнінен жетпей босанып, өздерінің де, нәрестелерінің де денсаулығын қатерге тігетін көрінеді.

"Өкінішке қарай, бұрын ондай тәжірибеміз болмады. Алғашқы жылдары шала туған балаларды тірі алып қалу мүмкін емес-тін. Дәрігерлерімізді шетелге оқуға жіберіп, арнайы қондырғылар алғаннан  соң, айналасы он шақты жылда аман қалатын шақалақтардың үлес салмағын 60 пайызға жеткіздік", - дейді СҚО перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Наталья Семенова.

Қазір әлемде жыл сайын 15 миллионға жуық бала ай-күнінен ерте туылады екен. Ал оларды күтіп-баптауға қажет қондырғылар өте қымбат. Сондай-ақ, балалардың ертең өз қатарын қуып жетуі үшін ата-аналар мен ақ халаттылар тарапынан үлкен қажырлылық керек.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу