Елімізде шаш күтіміне арналған тауарлар 41,7% қымбаттады

507

Сонымен бірге өндіріс те азайған.  

Елімізде шаш күтіміне арналған тауарлар 41,7% қымбаттады Фото: syrlasu.kz

Бұл туралы inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Бюроның мәлетінше, шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лактар және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3% төмендеді.

Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген. Өз кезегінде импорт 18,1% өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді.

Импорт өнімдерінің үлесі 97,6% болды. 12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімнің 24,1 мың тоннасы сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу