Елімізде шетелдік агенттер туралы заң қабылдау ұсынысы айтылды

Қазақстандағы қанша үкіметтік емес ұйымды шетелдің қаржыландыратыны белгілі болды. 

Елімізде шетелдік агенттер туралы заң қабылдау ұсынысы айтылды Фото: Мәжіліс

Мұндай тақырыптағы депутаттық сауалды Ирина Смирнова Үкімет басшысының атына жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Өткен пленарлық отырыста біз еліміздегі USAID қызметіне қатысты депутаттық сауал жолдадық. Жақында Илон Маск "Радио Свобода" және "Голос Америки" радиоларын жабуды ұсынды. Ол аталған бұқаралық ақпарат құралдарын "ешкімге қызық емес" деп атады, радикалды солшыл жындылар өздерімен сөйлесіп, жылына миллиард доллар өртеп жіберді. USAID тарихындағы сияқты, америкалықтардың өздері қаржыландыратын мемлекеттік БАҚ-тың деструктивтілігін тағы да мойындайды. Оларды өздері соғыстан кейінгі шындықта идеологиялық күрес үшін құрылған өткеннің қалдығы деп атайды, – деді ол. 

Смирнованың сөзінше, бүгінде елімізде 200-ге жуық үкіметтік емес ұйымды шетел қаржыландырады. Оның 70%-на қаржыны АҚШ-тың құятыны анықталған. 

– Біздің үкіметтік емес ұйымдарға қаржылық және материалдық-техникалық көмекті көрсетілген тізімдерге кірмейтін басқа да шетелдік құрылымдар мен елшіліктер ұсынады. Қолдау негізінен БАҚ пен сөз бостандығы, мақсатты топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, демократия мен азаматтық қоғамды дамыту, либералды реформалар, толеранттылық пен азаматтық белсенділікті арттыру саласындағы жобаларға беріледі, – дейді ол.

Депутат осындай "Сұр аймақта" жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан бірқатар үкіметтік емес ұйымның мәртебесін және саяси мүдделерді "медианы қолдау", "адам құқықтарын қорғау" деген жалаумен жұмыс істейтін шетелдік донорлармен ойын ережелерін қайта қарауды ұсынады. Себебі, әлемде мұндай мәселеге кезіккен елдердің шетелдік агенттер туралы заңдарды қабылдау арқылы қауіптен айналып өткеніне, қарсылық танытқанына дәлелдер бар. Мысалы, аталған заңдар Израильде 2016, Қытайда 2017, Аустралияда 2018, Ұлыбританияда 2023, Францияда 2024 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Ал АҚШ-та "шетелдік агенттерді тіркеу туралы" заң 1938 жылы қабылданған. 

– Қазақстанға да осы тәжірибені қолдап, оның қайнар көзін түсіне отырып, ақпаратты бағалап, салыстыра алуы үшін кез келген құрылымды нақты белгілейтін ұлттық заңнаманы құру қажет екеніне сенімдімін. Бұл ретте гуманитарлық және ғылыми ұйымдар үшін бірқатар ерекшелікті белгілеу қажет. Бұл тәсіл ұлттық мүддені қорғауға мүмкіндік береді, бірақ салауатты азаматтық қоғамды қудалауға және оның дамуын бәсеңдетуге әкелмейді. Біздің ортақ мақсат – егемендікті нығайту, қазақстандықтардың бөтен құндылықтарды танып, насихаттауына жол бермейміз, – деп сөзін қорытындылады депутат. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу