Елімізде шетелдік ЖОО филиалдарын ашу жалғасады - Саясат Нұрбек

566

Отандық жоғары оқу орындарының экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында шетелдік ЖОО филиалдарын ашу шаралары жалғасын таппақ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.   

Елімізде шетелдік ЖОО филиалдарын ашу жалғасады - Саясат Нұрбек Фото: primeminister.kz

Ведомство басшысының айтуынша, елімізде бірақатар филиалдарды ашу мәселелері пысықталып отыр. Атап айтқанда, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында Хериот Ват университетінің (Ұлыбритания), Шәкәрім университеті базасында Калгари университетінің (Канада), Вагинген университетінің (Нидерланды), сонымен қатар Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында Берлин Техникалық Университетінің (ГФР) және І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, туризм саласындағы шетелдік жоғары оқу орнының филиалын ашу қарастырылуда.

"Жоғары білім берудің бірыңғай Орталық Азия кеңістігін құру жөніндегі жұмыс жалғасады. Әріптестермен бірлесіп Қазақстан платформасында Орталық Азия елдерінің өзара іс-қимылын  үйлестіретін Бюро құру мәселесі пысықталуда. Жоғары білім беруді интернационалдандырудағы барлық бастамалар Қазақстанның "Жібек жолы" халықаралық жобасы аясында  жалғасын табады", - деді министр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу