Елімізде шетелдік жұмысшылар саны 3,2 есе қысқарды

707

Сырттан келген кадрлардың 60%-ы құрылыс, ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібінде еңбек етеді.

Елімізде шетелдік жұмысшылар саны 3,2 есе қысқарды

Қазақстанда шетелдіктердің 60%-ы құрылыс, ауыл шаруашылығы және тау-кен саласында жұмыс істейді, ал олардың 52%-дан астамы Атырау облысында еңбек етеді, деп хабарлады Еңбек ресурстарын дамыту орталығы. 

"Қазақстандағы шетелдік жұмыс күшіне жүргізген талдаудың нәтижесі – ел  экономикасына шетелден жоғары білікті және орташа білікті жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсаттар санының соңғы 3 жылда төмендегенін көрсетті. Биылғы жылы жылы ШЖК-не берілген рұқсаттар саны 3,2 есеге қысқарған. Бұл көрсеткіш елде және әлемде COVID-19 пандемиясы аясында енгізілген карантиндік шараларға да байланысты", – деп жазылған хабарламада. 

Егер осы үрдіс сақталатын болса, тартылатын ШЖК тек Қазақстанда ғана емес, өңірлік және жаһандық деңгейде де айтарлықтай төмендеуі мүмкін. 

Бірінші жартыжылдықта, шектеу шаралары енгізілгенге дейін елімізде сырттан келген кадрларға ең мұқтаж  салалар құрылыс қызметі, ауыл шаруашылығы және тау-кен өнеркәсібі екені аныталған. Дәл осы секторларға еліміздегі барлық шетелдік жұмыс күші санының 60% тиесілі. 

Өзге мемлекеттен келген мамандардың құрылымы әр өңірде әртүрлі және бірінші кезекте өңірдің экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Көп жағдайда кәсіпорындар жоғары білікті шетелдіктерді тартады. Тек ШҚО мен Алматы облыстарында ғана орташа білікті шетелдіктерді жұмысқа алатыны белгілі болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу