Елімізде шомылу маусымы басталғалы 236 адам суға батып, көз жұмған

1283

Каспий теңізінде бір күнде 4 адам суға кетті.

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 236 адам суға батып, көз жұмған

Каспий теңізінде екі қайғылы жағдай тіркелді. Құрық ауылында үш жасөспірім және Кендірлі ауданында 28 жастағы ер адам суға кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Жергілікті құтқарушылардың айтуынша 5 тамыз күні сағат 18-15те Құрық ауылында 2002 жылы туған екі қыз бен 2003 жылы туған жас жігіт суға батып кеткен. Қазіргі уақытта олардың денесін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған 10 құтқарушы мен 2 қайық жұмылдырылған.

Ал, Кендірлідегі "Самал" демалыс орталығында 1991 жылы туған ер азамат суға кетіп, оның денесін туыстары судан шығарып алған.

Жалпы шомылу маусымы басталғалы елімізде 236 адам суға кетіп, қаза болса, оның 81-і бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу