Елімізде шығарылатын тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет – Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев осы арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі артатынына сенімді.

Елімізде шығарылатын тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет – Мемлекет басшысы Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– "Бәйтерек" холдингі тағам өнеркәсібі саласында жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын әлеуеті зор жобалар тізімін дайындады. Соның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қолжетімді әрі жеңілдетілген шарттармен қаржы бөлу мәселесін созбалаңға салмай, сапалы жобаларды дереу жүзеге асыру керек.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласын технологиялық тұрғыдан жаңғыртудың сәті келді.

Елімізде шығарылатын технологиялық тұрғыдан сапасы жоғары тракторлар мен комбайндардың санын көбейту қажет. Бұл – өзекті мәселе. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыра түсеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін елдегі ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілетінін жаздық. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу