Елімізде шығарылған катерге қазақтың тұңғыш контр-адмиралының есімі берілді

1103

Елімізде шығарылған катерге қазақтың тұңғыш контр-адмиралының есімі берілді

Еліміздің шекара флоты отандық зауытта құрастырылған жүрдек катермен толықты. Өз сыныбындағы үш бірдей әскери су көлігінен артықшылығы басым су көлігіне қазақтың тұңғыш контр-адмиралы Ратмир Комратовтың есімі берілген, деп хабарлайды 24.kz.

Ұзындығы 20 метрлік жауынгерлік кеменің қаруы да жойқын. Палуба тұмсығындағы 12,7 калибрлік пулемет су үстіндегі қатерді тез жояды. Шапшаңдығы 53 теңіз түйініне тең катер ашық теңізде 10 тәулікке шыға алады. Су ығыстыру салмағының аздығымен өзенде де жылдам жүзеді.

Экипажы бес адамдық әскери кеме жалауын көтеру рәсіміне запастағы контр-адмирал Ратмир Әлімханұлы арнайы шақырылды.

"Жағалау күзетінің аймақтық басқарма басшылығына айтар алғысым шексіз. 24 жылда қазақстандық әскери теңіз күштері мен теңіз шекара құрылымдары аяғына нық тұрып, қарқындап дамуға көшті. Мемлекет қауіпсіздігін сақтауға бағытталған іс-шаралардың басы-қасында болуыма сенім артқан елбасыға рахмет",- деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу