Былтыр шырынның бөлшек саудасы 52,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды LS Euromonitor-ға сілтеме жасап.
2016 жылы 140 млн литр шырын саудаланған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6%-ға аз. Сарапшылардың айтуынша, бұл үрдіс валюта бағамының құбылуымен байланысты, салдарынан ел халқының сатып алу қабілеті төмендеп, шырынның орнына салқын шай, газдалған сусындар мен шөлмектегі су сатып алатын болған.
Сондай-ақ үнемдеуге ұмтылған кейбір тұтынушылар су және өздері дайындайтын шырын ішуге көшкен.
Сарапшылардың айтуынша, тұтынушылар сусындардың құрамына жіті назар аударып, мейлінше табиғи өнімдерді таңдайтын болыпты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу