Елімізде сирек кездесетін Перу лалагүлі Қазығұртта жайқалып тұр

539

Жергілікті бағбан Жәмила Ырысова ерекше күтімді қажет ететін сәндік өсімдікті жерсіндіріп үлгерген. 

Елімізде сирек кездесетін Перу лалагүлі Қазығұртта жайқалып тұр Фото: Түркістан облысының баспасөз қызметі

–Тұқымын Өзбекстаннан тапсырыспен алдырдым. Негізінен, перу лалагүлі – Оңтүстік Америка мен Голландияда ғана өсетін нәзік гүл. Бір рет егілген өнім үш жыл бойы өнім береді, – деді Ж. Ырысова.

Бұл кәсіппен 6 жылдан бері айналысып келеді. Мұнда 3 түрлі гүл өседі. Басым бөлігі осы "альстромерия" деп аталатын гүл. Алғашқыда үй ауласында гүл өсіруден басталған кәсіп бүгінде отбасылық бизнеске айналған. 6 сотық жылыжайдың аумағы 22 соттыққа ұлғайған. Отбасының барлық мүшесі осы жылыжайда еңбек етіп, нәпақасын тауып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу