Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұғаттау IMEI-коды тіркелмеген құрылғыларға қатысты жүргізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазір "сұр" тізімде 886 мыңнан астам, ал "қара" тізімде 127 мыңнан аса IMEI-код бар. Осы қара тізімге енген смартфондар біртіндеп бұғатталып жатыр.
Ал верификациядан өткен құрылғылар "ақ" тізімге енгізіледі. Министрлік "сұр" құрылғыларды тіркеу ісін жеке компаниялар атқаратынын хабарлады. Олар халықаралық GSM қауымдастығы базасымен жұмыс істеуге міндетті. Қазіргі таңда 2 компания ресми расталған, олардың бірі барлық талаптарға сай келеді.
Бұл жүйенің басты мақсаты – "сұр" импортты азайтып, ресми нарықты қорғау.
Ведомствоның мәліметінше, жаңа ереже енгізілгеннен кейін "ақ" импорт көлемі 20-40 пайызға артқан.
2025 жылдың 25 мамырынан бастап әр телефонды тіркеу үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (3 932 теңге) төленеді.