Елімізде соңғы 10 жылда ана өлімі 2,4 есеге төмендеді

Бірақ 2020 жылдан бастап ана өлімі көрсеткішінің өсуі байқалды.  

Елімізде соңғы 10 жылда ана өлімі 2,4 есеге төмендеді Фото: p-center.kz

Ашық НҚА порталында Қазақстанда ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған "Әрбір әйел – әрбір бала" тұжырымдамасы жарияланды. 

Құжатқа сәйкес, соңғы 5 жылда Қазақстан халқының саны 8,8%-ға ұлғайды және былтыр 1 қаңтардағы жағдай бойынша 19 122 423 адамды құрады. Оның 9 835 645-і (51,4%) әйелдер. Бала туа алатын жастағы әйелдер саны – 4 417 460, оның ішінде жасөспірімдер (15-17 жас) – 814 523 құрады.

"2000 жылдан бастап әлемде ана өлімі көрсеткішінің жылдам төмендеу қарқыны байқалды, жылына 5,5 %-ға, Қазақстанда 6,2 %-ға. Елімізде соңғы 10 жылда ана өлімі серпінді түрде 2,4 есеге төмендеді (2009 жылғы тірі туған 100 мыңға шаққанда 36,8-ден 2019 жылы 13,7-ге дейін)", - деп жазылған құжатта. 

2020 жылдан бастап ана өлімі көрсеткішінің өсуі байқалды. Бұл COVID-19 пандемиясымен байланысты. 

"2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші 22%-ға ұлғайды. Оның 70%-на пневмония мен коронавирус инфекциясы себеп болды", - деп жазылған құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу