Статистикаға сәйкес, 2021 жылы Қазақстан Республикасындағы автобустардың саны 82,2 мың бірлікті құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Атамекен" ҰКП сараптамалық қызметіне сілтеме жасап.
Бұл 10 жыл бұрынғыдан 15,5%-ға аз. Бір айта кетерлігі, қолданыстағы парктердегі автобустардың 70%-дан астамы он жылдан аса тізгінделген.
Соңғы 10 жылда автобустар санының азайып, халық саны өсті. Бұл қоғамдық көліктің тұрғындарға қолжетімділігіне әсер етті.
"Мәселен, 2012 жылы бір автобусқа шаққандағы адам санының индексі 173 адамды құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 231 адамға дейін өсіп, бұл көлік түрінің халыққа қолжетімділігі азайғанын дәлелдеп отыр", – деп хабарлады палата.
Аймақттар бойынша бұл көрсеткіш мына өңірлерде жоғары:
- Түркістан облысы (1 көлікке 615 адам);
- Шымкент (1 көлікке 395 адам);
- Алматы облысы (1 көлікке 395 адам).
Ең төмен көрсеткіш:
- Атырау облысы (1 көлікке 120 адам);
- Қостанай облысы (1 көлікке 122 адамнан келеді).