Елімізде соңғы 3 күнде көлікті заңдастыруға 13 мың өтініш мақұлданды

410

Шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының алғашқы үш күнінде 13 мың өтініш мақұлданып, 900-ге жуық көлік иесі жаңа нөмірлерге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Елімізде соңғы 3 күнде көлікті заңдастыруға 13 мың өтініш мақұлданды Фото: aikyn.kz

"Қазіргі таңда 13 мың өтініш алдын ала мақұлданды. 879 адам көлігін заңдастырудан сәтті өтті. Оларға қазақстандық техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірлер берілді", - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанға өзге елдерден әкелінген көліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталды. Науқанға байланысты көлік иелеріне қызмет көрсету орталықтары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Ережеге сәйкес, көлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінуі тиіс, ол соттылықта болмауы керек, басқа мемлекетте бұрын тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көлік міндетті түрде кедендік рәсімдеуден өтуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу