Елімізде соңғы бес жылда астық қоры ортайған жоқ

1326

Елімізде соңғы бес жылда астық қоры ортайған жоқ

Ақпан айында Қазақстанда астық қоры соңғы 5 жылда ең жоғарғы деңгейге жетіп, былтырғы кезеңге қарағанда ұлғайып келеді.

Еске салсақ, 2017 жылдың 1 қаңтарында, ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы шаруашылықтарда есептелген дәнді дақылдардың қоры 14819029 тоннаны құрады. Бұл – соңғы бес жылдан бергі астық қорының ең жоғары деңгейі. 1 қаңтардағы астық қоры былтырғы жылдан 1 млн тоннаға артық болды.

Бірақ айырмашылық ұлғайып келеді. Егер 2017 жылдың 1 қаңтарында Қазақстандағы астық қоры былтырғы жылға қарағанда 1019012 тоннаға немесе 7,4%-ға артығырақ болса, 1 ақпанда былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 1423403 тоннаға немесе 12,2%-ға жоғары болды. Бұл 400 мың тоннадан жоғары. Яғни биыл астық аз мөлшерде пайдаланылып жатыр деген сөз.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2013 жылдың 1 қаңтарында астық қоры 13663790 тоннаны құраса, 2014 жылы – 13717512 тонна, 2015 жылы – 13154940 тонна, 2016 жылы  – 13800017 тоннаны құрады. 2013 жылдың 1 ақпанында астық 12408677 тонна, 2014 жылы – 12232711 тонна, 2015 жылы – 11936249 тонна және 2016 жылы 11695680 тонна болды, деп хабарлайды "Казах-Зерно" ақпараттық агенттігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу