Елімізде соңғы бір тәуліктің ішінде қардың құрсауынан бес жүздей көлік шығарылып, бір мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды 24Хабар.
12 азаматқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Апаттық-құтқару жұмыстары Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында жүрді. Құтқару шаралары қазір де жалғасып жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті хабарлайды. Қыс қаһарына мініп, салдарынан 9 бағыт бойынша Астанадан қатынайтын автобус рейстері де тоқтатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу