Елімізде соңғы жылдары 18 колледж жабылды

965

Бұл туралы ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елімізде соңғы жылдары 18 колледж жабылды

"Соңғы жылдары еліміз бойынша 18 колледж жабылды. Олардың жабылу себебі лицензиямен байланысты емес, колледждерді оңтайландыру мақсатында осындай шара қолданылды. Яғни кейбір колледждердің қызметін қайта қарау керек болды. Негізінен бұл шара жеке колледждерге қатысты болды", – деді Насымжан Оспанова. 

Сондықтан колледждерде білім беру сапасын арттыру үшін бірқатар шаралар қабылданған.

"Бірінші кезекте оқу бағдарламасын әзірлеуде колледждерге академиялық еркіндік берілді. Ол заман мен нарықтың сұранысына сай етіп дайындалу керек. Ендігі уақытта оқу орны жұмыс берушімен, білім беру бағдарламасын нақты мамандық пен қажетті білім-білікті негізге ала отырып бірлесіп әзірлейді. Содан соң аталған білім беру бағдарламасы сараптамадан өтіп, кейін бағдарламалар реестріне тіркеледі. Жаңашылдықтар қыркүйекке қарай күшіне енеді", – деді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу