Елімізде сотқа түскен шағымдардың 62,5%-ы қаралады

498

Ал, 37,5%-ы сотқа жетпейді. Жалпы, қазақстандықтар сотқа сирек шағымдана бастаған. 

Елімізде сотқа түскен шағымдардың 62,5%-ы қаралады Фото: Астана қаласының соты

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті жариялаған ақпаратқа сәйкес, 2022 жылдың ІІІ тоқсанында сотқа 393 мың шағым түскен, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 1,8%-ға төмен. Бұл туралы бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап, inbusiness.kz хабарлайды.  

Алайда, Алматы (+10,6%), Шымкент (+6,1% ) және Маңғыстау облысында (+0,4%) шағымданушылар саны артқан. Жалпы, сотқа жүгінуден Алматы көш басында, оған респбуликадағы арыз-шағымдардың 18,1%-ы тиесілі. 

Дегенмен, шағымның барлығын Сот қарай бермейді, қанағаттандырмауы да мүмкін. 2022 жылдың 9 айында 245,8 мың іс қозғалған, бұл жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,1%-ке көп. Осылайша, Сотқа түскен арыз-шағымның 62,5%-ы  қаралады, 37,5%-ы Сот қарауына жетпей, тоқтатылады.

Биылғы ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша  Сот 154,1 мың шешім шығарған. Олардың 132,3 мыңы қанағаттанарлық шешім, яғни 85,6% жағдайда Сот істі шағымданушының пайдасына шешеді. 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 83,6%-ды құраған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу