Елімізде сотталғандар саны 96 мыңнан 29 мыңға дейін азайған

787

Халықаралық стандартқа жету үшін сотқа тартылғандардың 10 пайызы ғана түрмеде жазасын өтеуі керек.

Елімізде сотталғандар саны 96 мыңнан 29 мыңға дейін азайған

Ішкі істер органдарында жүргізілген реформалардың арқасында еліміздегі жазасын өтеушілердің саны 96 мыңнан 29 мың адамға дейін азайған. Осылайша сотталғандар бойынша әлемде үшінші орында тұрған Қазақстан 72-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Айта кетсек, бұрын сотқа тартылғандардың 80-90 пайызына дейін бас бостандығынан айырылатын. Ал қазір тек 40 пайызы ғана түрмеге қамалуда. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың пайымынша, халықаралық стандартқа жету үшін сотқа тартылғандардың 10 пайызы ғана түрмеде жазасын өтеуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу