Елімізде стоматологтардың табысы 5 жылдық рекордты жаңартты

165

2024 жылы олардың қызметіне 209,9 миллиард теңге жұмсалған, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Елімізде стоматологтардың табысы 5 жылдық рекордты жаңартты Фото: canva.com

Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,5 есеге өсіп, кейінгі бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Стоматологиялық клиникалардың табысы 2023 жылды қоспағанда, кейінгі төрт жылда күрт өскен. 2021 және 2022 жылдары көрсетілген қызмет көлемі екі есеге өсті.

Мұның бір себебі – зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға рұқсат беру, ал екіншісі  жеткіліктілік шекті көтеру",  деп жазылған ақпаратта.

Оған қоса стоматологиялық қызметтер көлемі өсуіне қымбатшылық әсер еткен. 2021 жылдан 2024 жылға дейін олардың құны жылына орта есеппен 11,5 пайызға өсті, ең жоғары көрсеткіш 2022 жылы тіркелді, бұл жылы 18,3 пайызға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу