Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz
"Қазіргі таңда жатақхана мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлі де 87 мыңдай орынға қажеттілік бар. Жылдың соңына дейін 3 мың 808 орынды қамтитын 12 жатақханаларды енгізуді де жоспарлап отырмыз. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін университеттермен және құрылыс компанияларымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі жетілдірілетін болады. Құрылыс материалдары нарығындағы бағалардың тұрақсыздығын ескере отырып, студенттерді жатақханадан орынмен қамтамасыз етуге берілген мемлекеттік тапсырыстың мөлшері мен төлем мерзімі де қайта қаралады", - деді Саясат Нұрбек.