Елімізде су-энергетикалық ресурстар картасы әзірленуде

94

Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. 

Елімізде су-энергетикалық ресурстар картасы әзірленуде Фото: Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі елдің гидроэнергетикалық әлеуетінің бірыңғай цифрлық картасын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұлттық деңгейдегі цифрлық платформаға интеграциялау арқылы бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр еліміздің гидроэнергетикалық ресурстары картасын әзірлеу мәселесі бойынша жұмыстар Қауіпсіздік кеңесінің қорытындысы негізінде берілген хаттамалық тапсырмаларды орындау аясында басталғанын атап өтті.

"Платформа гидрологиялық, жер бедері, инфрақұрылымдық және құқықтық деректерді біріктіріп, оңтайлы жобалық шешімдерді қалыптастыруға, болашақ станциялардың параметрлерін есептеуге және жобалауға дейінгі дайындық мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді", – деп толықтырды Ерлан Ақкенженов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу