Елімізде су қоймаларына судың келуін болжайтын ақпараттық жүйе енгізіледі

175

Бұл – Talsim ақпараттық жүйесі.  

Елімізде су қоймаларына судың келуін болжайтын ақпараттық жүйе енгізіледі Фото: © Sputnik / Елена Бережная

Қазақстанда су қоймаларына судың келу көлемін болжайтын Talsim ақпараттық жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл су тасқыны жағдайын болжау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Министр алғаш рет "Tasqyn" жүйесі пайдаланылғанын еске салды. 

"Қазіргі уақытта жүйеге күн сайын "Қазсушар" мемлекеттік кәсіпорын реттейтін 86 су қоймасы жұмыс режимі бойынша ақпарат енгізіледі. 75 өзеннің сандық гидрографы әзірленді. Онда "Қазгидрометтің" деректері мен GloFAS жаһандық су тасқыны туралы ескерту жүйесі негізінде нақты және болжамды су деңгейі мен ағыны көрсетілген", - деді министр.

Нұржан Нұржігітов БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, су қоймаларына судың келу көлемін болжауға арналған Talsim ақпараттық жүйесі енгізіліп жатқанны айтты. 

"Қазіргі уақытта Есіл және Нұра өзендеріне арналған гидрологиялық модель бейімделіп үлгерді. Қазақстан бойынша барлық су ресурстарын модельдеуді аяқтау биылғы жылдың соңына дейін жоспарланған", - деді Су ресурстары министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу