Елімізде судоаударма арнасы ашылды

1154

Елімізде судоаударма арнасы ашылды

MEGOGO онлайн кинотеатры "Смотри как слышно" әлеуметтік жобасының аясында құлағы естімейтін адамдарға арналған интерактивті арнаны іске қосты. Арнада барлық контент сурдоаудармамен көрсетіледі, деп хабарлады Арнаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

"Контенттің басым бөлігі субтитрларын қабылдау қиынға түсетін балалар аудиториясына арналған.  Сондықтан, "Смотри как слышно" арнасының тұжырымдамасына сәйкес мұнда әр күні таңертеңнен бастап мультфильмдер мен балаларға арналған кино, ал кешкі және түнгі уақыттарда ересек адамдарға арналған фильмдер мен сериалдар  көрсетеді. Мысалы, "Петля времени", "Список контактов", "Области тьмы", "Афера по-американски" және т.б.", деп мәлім етті агенттік.

Жаңа интерактивті арна "Кино және ТВ" жазылымында қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу