Елімізде суды есепке алу жұмысы жүргізілмейді – депутат

468

"AMANAT" партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысында су саласын дамыту және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша күрмеуі мол  мәселелер талқыланды, деп жазады inbusiness.kz turkystan.kz порталына сілтеме жасап.

Елімізде суды есепке алу жұмысы жүргізілмейді – депутат

Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараевтың айтуынша, оңтүстік өңірлерде су арналарының жағдайы нашар. 

"Іс жүзінде жоқ гидробекеттерге жалған техникалық паспорт беру оқиғалары тіркелді. Оңтүстікте 171 гидробекет бар. Алайда олардың нақты қаншасы жұмыс істейтіні белгісіз. Елімізде суды есепке алу жұмысы жүргізілмейді. Суды тиімді пайдалану туралы не деп айтуға болады? Мақтаарал ауданындағы арнаны цифрландыру үшін қомақты қаражат бөлінді. Бұл сәтсіз жобаға кім жауапты?", - деді ол.

Ал, Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Елдос Абақанов құзырлы органдар мен аймақтық әкімдіктердің жұмысына сын айтты.

"Біздің Кеңес Жайық өзенінің, Каспий теңізі бассейнінің мәселелерін екі жылдан бері көтеріп келеді. Көп мәселе бойынша әлі шешім қабылданбады. Мысалы, бейінді ведомство Жайық өзенінің биоалуандығына ғылыми зерттеу жүргізуі тиіс еді. Алайда бұл жұмыс бір жылға кешеуілдеп жатыр. Орталық уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органдар бұл мәселеге немқұрайды қарап отыр. Мұны мойындау керек", - деді Елдос Абақанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу