Елімізде суға шомылу маусымы ресми аяқталды

1048

Шомылу маусымында 239 адам суға батып көз жұмды.

Елімізде суға шомылу маусымы ресми аяқталды

Биылғы жылдың басынан бері еліміздің су айдындарында құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 35 баланы құтқарды. Ал, суға шомылу маусымы басталғаннан бері (б.ж. 1 маусымнан 31 тамыз аралығында) 140 адам, оның ішінде 27 бала құтқарылды, деп хабарлады ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, суға шомылу кезеңінің аяқталғанына дейін (биылғы жылдың 1 маусымынан 31 тамыз аралығында) мас күйде суға түсу, суға батқандарды құтқару, балалардың ересектердің қарауынсыз қалуы кезінде 239 адам (2019 жылы 282), оның ішінде 75 бала (2019 жылы 88 бала) қайтыс болған.

Тек суға шомылу маусымының соңғы аптасында (24-31 тамыз аралығында) Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Шымкент қаласында 14 адам, оның ішінде 3 бала суға батып, көз жұмды.

Шомылу маусымында әсіресе Алматы – 35, Шығыс Қазақстан – 31, Түркістан –23 облыстарында суға бату жағдайы көп тіркелген.

Елімізде суға шомылуға рұқсат етілген 445 орын бар, 6 020 ескерту белгісі орнатылған. Адамдардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 689 құтқарушы- жасақшыны оқытылды.

Полиция департаменті мен волонтерлік ұйымдармен бірігіп қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс және су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзушыларды анықтау бойынша бірлескен рейдтер мен патрульдеу жүргізілген.

Ағымдағы жылғы  1 маусымнан бастап 33 мың  рейд және патрульдеу жүргізілді, 6 355 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, "Қоғамдық орындарда болу қағидаларын бұзу" ӘҚБК 440-бабы және "Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу" 364-бабы бойынша 14 млн. астам теңге айыппұл салынды.

Рейд іс-шаралары барысында су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үгіт-насихаттау парақшалары, жаднамалар таратылады. Барлығы 499 564 мың осындай ескерту қағаздары таратылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу