Қазақстанда ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудалаудың шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды LS энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, сұйытылған мұнай газын көтерме саудалаудың шекті бағасы 2018 жылдың 1 қазаны мен 31 желтоқсаны аралығына қосымша құн салығын есептемегенде тоннасына 38 701,67 теңге көлемінде болып бекітілді.
Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 1 шілдесінен бері ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудалаудың шекті бағасы ҚҚС есептемегенде тоннасы үшін 34 319 теңгені құраған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу