Энергетика министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі.
Құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды.
Заң жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге ҚҚС есептемегенде тоннасы үшін 40 320 теңгені (қырық мың үш жүз жиырма) құрайтын болады.
Бүгінде сұйытылған газ бағасы 33 600 теңгені құрап отыр. Отын бағасы 20 пайызға өседі.
Құжатты жария талқылау 30 мамырға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу