Энергетика министрлігі бұл мәселені "Ашық НҚА" порталында халық талқысына ұсынып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Егер жоба жүзеге асса, сұйытылған газ бен пропан, сондай-ақ бутанды 6 ай мерзімге автомобиль және темір жол көлігімен сыртқа шығаруға тыйым салынады.
"Қазақстан Республикасы аумағынан сұйытылған мұнай газын (Код ТН ВЭД ЕАЭС 2711 12 970 0), пропанды (2711 12 940 0) және бутанды (2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен сыртқа шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – делінген министрлік жобасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу