Елімізде сұйытылған газды көлікпен әкетуге 3 жылға тыйым салынбақ

324

"Ашық НҚА" порталында Энергетика министрлігінің тиісті бұйрық жобасы жарияланды. 

Елімізде сұйытылған газды көлікпен әкетуге 3 жылға тыйым салынбақ Фото: Inbusiness.kz

Қазақстанда сұйытылған мұнай газын көлікпен әкетуге 3 жылға, теміржол көлігімен әкетуге 6 айға тыйым салынуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

"Салық режимінің тұрақтылығына ие  жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль көлігімен әкетуге 3 жыл мерзімге және теміржол көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Құжатты жария талқылау 24 қазанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу