Елімізде сұйытылған газды тұтыну көлемі артуда

Бірақ оның өндірісі төмендеген, мәселен былтыр сұйытылған газды тұтыну көлемі 28%-ға өсті.

Елімізде сұйытылған газды тұтыну көлемі артуда Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысының ЖЖМ мен сұйытылған газ жеткізушілерімен кездесуінде айтты.

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері көрші елдермен дизель отыны бағасының диспаритеті қысқарғаннан кейін БҚО-ға "бос" транзиттік жүк машиналарының келуі айтарлықтай азайғанын атап өтті, бұрын олар 1-2 тонна көлемінде жанармай құйып әкететін. Енді, отандық дизель отыны өңірде қалып отыр.

Сұйытылған газдың бөлінетін көлемі туралы айтатын болсақ, ҚР Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов елімізде сұйытылған газды тұтыну жыл сайын өсіп келе жатқанын, бірақ оның өндірісі төмендегенін атап өтті.

2022 жылы сұйытылған газды тұтыну көлемі 400 000 тоннаға немесе 28% - ға өсті.

Талқылау барысында АЖҚС иелерінің бірі қатысушылармен өз есептеулерімен бөлісті және соңғы жылы оның жанармай құю бекетінде төмен бағаларға байланысты сұйытылған газды өткізу 25%-ға, ал жанармайды өткізу 15%-ға төмендегенін атап өтті.

Нарық субъектілері нарықтық баға белгілеу жағдайында мотор отыны ретінде сұйытылған газдың бөлшек бағасы АИ-92 маркалы бензин бағасынан 70%-ды құрауы тиіс деп қосты. Қазіргі уақыттағы ресми деректерге сүйенсек, отынның басқа маркаларымен салыстырғанда бағаның үлкен айырмашылығына байланысты қазақстандық автокөлік жүргізушілері машиналарды газға белсенді түрде ауыстырып жатыр.

Сондай-ақ кездесу барысында ҚР Энергетика вице-министрі сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу процестерін реинжинирингі мәселелері бойынша заңға жоспарланған жаңалықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, бұл өзгерістер сұйытылған газ нарығындағы айналымның ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу