Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасы қымбаттады

860

Елімізде сұйытылған газдың көтерме бағасы қымбаттады

2018 жылдың  1 қаңтардан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газдың (СМГ) шекті көтерме бағасы тоннасына қосылған құн салығын (ҚҚС) есепке алмағанда 34,319 теңгеден 38,701 теңгеге дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды ҚР энергетика министрлігі.

Бағаның өсуі әлемдік бағаларының өсуінен туындаған, өйткені сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасы халықаралық нарықта баға белгіленімдеріне тәуелді.

Сұраныстың арттыруына байланысты, сондай-ақ ішкі нарықта СМГ көтерме сауда бағаларының төменгідігінен СМГ өндірушілер және меншік иелері ішкі нарыққа өткізуден шығындар көтеруде. Мысалы: сұйытылған мұнай газын өндірудің өзіндік құны "Ақтөбемұнайгаз" СНПС шамамен 52 000 тг/т құрайды, "Қазгермұнай" БК" ЖШС 38 403 тг/т., "Жайықмұнай" ЖШС 67 478 тг/т. және "ҚазақОйлАқтөбе" ЖШС 44 334 тг/т.

"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасызаңына сәйкес, энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша сұйытылған мұнай газына тоқсан сайын шекті көтерме бағаны бекітеді. Ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

Аж 1 қантардан бастап жергілікті атқарушы органдар мониторинг бойынша ұсынылатын дерекке сәйкес Ақтөбе облысында бөлшек сауда бағасы - литріне 55 теңге және Маңғыстау облысында – литріне 52-65 теңге болды.

Өңірлер бойынша СМГ бөлшек сауда бағаларының өсуі байқалмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу