Құжат жобасын қоғамдық талқылау 24 маусымда аяқталады. Егер бұйрық бекітілсе, ол 2025 жылдың соңына дейін күшінде болады.
ҚР Энергетика министрлігі ішкі нарыққа биржадан тыс жеткізілетін сұйытылған мұнай газының көтерме саудасындағы баға шегін ұзарту бастамасын көтерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жобада 2025 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың шекті бағасын ҚҚС-сыз тоннасына 51932 теңге деңгейінде сақтау ұсынылып отыр.
Бұл баға осы жылдың қаңтар айында қабылданған және мерзімі 30 маусым күні аяқталатын еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу