Іс-шараларды "Охотзоопром" ӨБ" МКҚК инспекторлары, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізуде, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш шара аясында "Охотзоопром" ӨБ МКҚК-ның 150 инспекторын, 60-қа жуық техниканы (40 жол талғамайтын көлік, 17 бірлік "КУНГ") жұмылдыру жоспарлануда. Сондай-ақ ителгі шоғырланған жерлерде, көліктерді тексеру мақсатында бақылау пунктері орнатылады.
Жыл сайынғы табиғатты қорғау акциясы 15 қазанға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, жыртқыш құс Қазақстаннық Қызыл кітабына енгізілген.