Елімізде сұранысқа ие маршруттар туристерді қабылдауға толық дайын емес

542

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті. 

Елімізде сұранысқа ие маршруттар туристерді қабылдауға толық дайын емес Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Салыстырып қарағанда, 2021 жылғы осындай кезеңнің қорытындысы бойынша 9 айда Қазақстанға 208,5 мың шетелдік қонақ келді. Динамика 2022 жылы 1,3 млрд. АҚШ долларына дейін өскен қызмет көрсету экспортына жағымды әсерін тигізді", – деді министр.

2021 жылы сол кезеңдегі экспорт сомасы 395 млн АҚШ долларын құрады.

"Әрине, пандемиядан кейінгі кезеңді де ескеру керек. Бірақ 2022 жылы жағдай айтарлықтай жақсарды. Министрлік Қазақстан бойынша "Қазақстан Гранд-турының" негізіне кіретін бес басым бағытты әзірледі. Бұл қазірдің өзінде сұранысқа ие тартымды маршруттар. Бірақ олардың барлығы көптеп келетін туристердің қабылдауға дайын деп айтуға келмейді. Сондықтан біз әкімдіктермен бірге инфрақұрылымды жақсартып, таңдалған бағыттар бойынша туристер үшін жағдай жасауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ туризм саласы қызметкерлерін оқыту және олардың біліктілігін арттыру, туроператорлармен бірге мақсатты нарықтарда турларды ілгерілету бағытында жұмыстар жүргізілетін болады", - деп атап өтті Асхат Оралов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу