Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, аталған кезеңде 2 019 743,7 мың литр алкогольсіз сусын өндірілген. Жылдық өсім – 8,8 %.
Минералды және газдалған (қантсыз, хош иістендірілмеген) сусын өндірісі – 555 096,3 мың литр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға аз.
“Алкоголь зауыттары 49 513,1 мың литр арақ өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,5 пайызға артық. Табиғи жүзім шарабының өндірісі де 38,3% өсті – 24 340,4 мың литр. Бұл ретте сыра өндірісі төмендеді. 10 айда 604 127,9 мың литр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8%-ға аз”, - делінген хабарламада.
Айта кету керек, елімізде сусын өндірісімен 47 кәсіпорын айналысады.