Елімізде сүт өнімдері қымбаттады

1355

Осы жылдың 3 айында елімізде 150 мың тонна сүт пен кілегей өндірілген.

Елімізде сүт өнімдері қымбаттады

Биыл сүт пен кілегей өндірісі 9%-ға, сүт өнімдерінің бағасы 8%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтар–наурызында шамамен 150 мың тонна сүт пен кілегей өндірілген. Бұл өткен жылдың қаңтар–наурызымен салыстырғанда 8,9%-ға көп.
Сүт пен кілегей өндірісінің төрттен үш бөлігі 4 өңірдің үлесінде: Солтүстік Қазақстан (45,7 мың тонна), Алматы (27,5 мың тонна), Ақмола (21,9 мың тонна) және Қостанай (17 мың тонна) облыстары.

4 өңірде сүт өндіру көлемі азайған: Маңғыстау облысында (2 еседен аса), Шымкент қаласында (43,2%-ға), Қарағанды (16,2%-ға) және Қызылорда (3,7%-ға) облыстарында.

2020 жылы әрбір қазақстандық орта есеппен 259,4 литр сүт және сүт өнімдерін тұтынған. 

Ақмола облысының тұрғындары сүт және сүт өнімдерін ең көп тұтынатын болып шыққан. Мұнда әр тұрғынға жылына орта есеппен 320,6 литр сүттен келеді. Кейін тізімде Шығыс Қазақстан (жан басына шаққанда 299,7 литр) және Қарағанды (жан басына шаққанда 298,7 литр) облыстары тұр.

Ал Шымкент тұрғындары сүт пен сүт өнімдерін ең аз тұтынады: жылына орта есеппен – 165,7 литр (жан басына шаққанда).

2021 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 8,2%-ға өскен. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу