Елімізде сырттай білім беру тоқтатылды

1683

Сырттай оқытудың тоқтатылуы қазіргі уақытта білім алып жатқан студенттерге еш кедергі келтірмейді. Аталған форма аясында оқып жатқандар дипломдарын алғанша оқуларын жалғастыра береді.

Елімізде сырттай білім беру тоқтатылды

Елімізде 1 қаңтардан бастап сырттай оқу тоқтатылды, деп хабарлайды almaty.tv.

Бұған қатысты білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов "Қазақстанда қашықтан оқытатын технологияларды пайдаланамыз және жоғары білімді "part-time" яғни, "ішінара оқу" жүйесі бойынша да оқытуға болады" деп мәлімдеген.

Министрлік пайымынша, сырттай оқитын студенттер күндізгі бөлімдегі қатарластары игеріп жүрген білім көлемінің 65 пайызға жуығын ғана қамтиды. Соған қарамастан, олар бірдей диплом алады.

Жоғары оқу орындары қауымдастығы президенті Рахман Алшановтың айтуынша, сырттай оқу бөлімдерінің жабылуы білім сапасын арттыратыны анық. Есесіне қашықтықтан оқыту әдісінің тиімділігін ескеру керек дейді.

"Қашықтан оқытуға қазір ақпараттық технология мүмкіндік береді. Соны форма ретінде, сыртқы форманың орнына қашықтан оқыту жазылсын дегендей келісім болып еді. Бірақ өкінішке қарай, аяқ жағында технология болып қалды. Қашықтан оқыту дегеніміз, яғни технология болатын болса онда сіздің жұмыстан шығуыңызға тура келеді, ал форма болатын болса онда жұмыстан шықпай-ақ оқуға болады. Көп адам жұмыс істеп жатыр, бірақ олар жұмыстан кете алмайды. Сондықтан оқу керек. Бірақ заң шектеу қойып тұр", – деді Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов.

Айта кетсек, сырттай оқытудың тоқтатылуы қазіргі уақытта білім алып жатқан студенттерге еш кедергі келтірмейді. Аталған форма аясында оқып жатқандар дипломдарын алғанша оқуларын жалғастыра береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу