Елімізде тағы 29 жол учаскесі ақылы болады

132

Бұл 2025 жылы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. 

Елімізде тағы 29 жол учаскесі ақылы болады Фото: uralskweek.kz

Былтыр ақылы жолдардан 48 млрд теңге кіріс түсті. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, жолдарды нормативтік күтіп ұстауды тұрақты қаржы көзімен қамтамасыз ету үшін ақылы жүйе кезең-кезеңімен енгізілуде. Қазір ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайтын 17 ақылы жол учаскесі жұмыс істейді", - деді министр.

Оның айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ақылы жолдардан 48 млрд теңге мөлшерінде төлем жиналды.

"2025 жылы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жалпы ұзындығы 6,2 мың шақырым болатын 29 учаскеде ақылы жүйе енгізіледі. Жоспарланған кіріс көлемі жылына 100 млрд теңгеден асады. Болашақта барлық жолдарды күтіп ұстау, арнайы техника сатып алу және қарыз бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жабу ақылы жүйе есебінен қаржыландырылатын болады", - деді Марат Қарабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу