Елімізде тағы 38 адам коронавирус жұқтырды

803

Жалпы науқастар саны 2289 адамға жетті.  

Елімізде тағы 38 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда тағы 38 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

23 сәуір сағат 22:40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 38 адам тіркелді. Оның ішінде Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 12, Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Жамбыл облысында – 10, Қызылорда облысында – 2, Павлодар облысында – 8 адам.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 428 адам, Алматы қаласында – 756 адам, Қарағанды облысында – 103 адам, Ақмола облысында – 83 адам, Атырау облысында – 82 адам, Жамбыл облысында – 98 адам, Шымкент қаласында – 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 15 адам, Алматы облысында – 69 адам, Ақтөбе облысында – 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 58 адам, Маңғыстау облысында – 19 адам, Қызылорда облысында – 161 адам, Батыс Қазақстан облысында – 86 адам, Түркістан облысында – 77 адам, Қостанай облысында – 36 адам, жалпы 2289 науқас бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу