Елімізде тағы 4 мың шақырым жол ақылы болмақ

235

Өткен жылы ақылы жолдардан 48 млрд теңге түскен. 

Елімізде тағы 4 мың шақырым жол ақылы болмақ Фото: aikyn.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев 2025 жылы қосымша 4 мың шақырым жол ақылы болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бюджетке түсетін жүктемені азайту және өзін-өзі ақтау мақсатында реконструкция және жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелерде "ақылы" статусын кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр. Қазір республика бойынша ұзындығы 3 мың 200 шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істейді. 2024 жылы түсім 48 млрд теңге болды. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы учаскелер енгізілетін болады, олардан келетін түсімдер көлемі биыл 60 млрд , ал келесі жылы 100 млрд теңгеге дейін жетеді", – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Министр ақылы жолдардан түскен қаражаттың бір бөлігін құрылыс жұмыстарына алынған қарыздардың пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге жұмсау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Барлық ақылы жол учаскелерінде "KazToll" жол жүру ақысын төлеу жүйесі жұмыс істеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу