Елімізде тағы бір микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

190

Енді ұйым 30 күн ішінде өздерінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді алып тастауға міндетті. 

Елімізде тағы бір микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды Фото: canva.com

Қазақстанда "Bravo Microfinance" микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

"Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес лицензиядан айыруға қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру негіз болды.

Енді тиісті шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өздерінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, олардан туындайтын, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруын болжайтын сөздерді немесе аббревиатураларды алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес МҚҰ алдындағы міндеттемелерінің орындалуын бұзғаны үшін жауапкершілік атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу