Елімізде тағы үш кәсіби мереке пайда болады

Бұған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бастамашы болып отыр.

Елімізде тағы үш кәсіби мереке пайда болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елімізде тағы үш мамандық иелеріне кәсіби мереке белгілеуді ұсынып отыр. Қазір қаулыға енгізілген өзгерістер "Ашық НҚА" порталында жарияланып, талқылауға шығарылды. Талқылау қазан айының 12-сіне дейін ашық.

Сонымен министрлік қандай мерекелер енгізгісі келеді: 

Байланыс қызметкерлері күні – 17 мамыр,
Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні – 10 қараша,
Энергия үнемдеу күні – 11 қараша.

"Бүгінгі күні Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні, байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні сияқты кәсіби мерекелер бар. Алайда бүгінгі күні цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы қызметкерлердің өздерінің кәсіби мерекелерін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласына өздерінің тиістілігін сезінбейді. Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Кәсіби мереке – цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнін енгізу цифрлық трансформацияны жүргізетін мемлекеттік қызметшілер, IT-кәсіпкерлер және IT-нарығының қатысушылары үшін маңызды болып табылады", – дейді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу