Елімізде такси қызметінің бағасы айтарлықтай қымбаттаған

821

Алайра ресми статистика мұны көрсетпейді.

Елімізде такси қызметінің бағасы айтарлықтай қымбаттаған

Елімізде күн суытып, алғашқы қар жауған кезде такси қызметінің де бағасы шарықтап шыға келеді. Мысалы, елордада биыл баға екі, тіпті үш есе өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар алғашқы қар мен мұздың әсерінен жол-көлік оқиғалары көбейіп, қаланың 9 жерінде көлік кептелісі пайда болды. 

Күн суытқанда такси қызметтерінің бағасы тек Нұр-Сұлтанда ғана емес, еліміздің барлық аймақтарында қымбаттайды. Алайда ресми статистикада бағаның өсуі көрініс таппайды. Мысалы, қыркүйек айында Ұлттық статистика бюросы мәліметтері бойынша такси қызметінің бағасы ешбір аймақта өскен жоқ. Соңғы үш жылда ай сайынғы бағаның өсуі ең көп дегенде 2%-ды құрады, бірақ көбінесе статистика 1%-дан аспайды.

Жылдық динамикаға келетін болсақ, бюроның мәліметі бойынша, биылғы жылдың қыркүйегінде такси бағасы өткен жылғыдан 6,5%-ға қымбаттаған. Өкінішке қарай, смартфондардағы қосымшалар мен көшеде такси тоқтатқан жолаушылар мүлде басқа жағдайға тап болады. 

Биылғы жылдың қаңтар-тамызында такси қызметінен түсетін табыс 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 есе өсіп, 2,8 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылғы дағдарысқа дейінгі деңгейге тең. Мәселен, өткен жылы дәл осы кезеңдегі көрсеткіш карантиндік шектеулерге байланысты 5 есеге қысқарып, небәрі 603,3 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар биыл тасымалданған жолаушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 30,6%-ға, сегіз айда 1,4 млрд адамға дейін азайды. 2020 жылдың қаңтар-тамызында көрсеткіш 48,7%-ға төмендеген еді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу