Талапқа сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 88 пайызы сырттан келген

1479

Талапқа сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 88 пайызы сырттан келген

Еліміздегі талапқа сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 88 пайызы импорттық тауарлар. Бұл туралы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ortcom.kz.
Спикердің айтуынша, еліміздегі талапқа сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 88%-ы импорттық тауарлар екен. Осының ішінде алдыңғы орында Ресей Федерациясынан енгізілетін сүт өнімдері, балық және ет консервілері, шұжық және кандитерлік өнімдер, БАҚ және балалар тағамдарының 52%-ы сайкес келмейді екен. Бұл көрсеткішті Жандарбек Мұхтарұлы импорттық тамақ өнімдерінің көп бөлігі Ресей тарапынан кіретіндіктен деп түсіндірді.
"Сонымен қатар Қырғыз Республикасының сәйкес келмейтін өнімдері 2016 жылғы 4% -дан 9,6 %-ға дейін өскен. Қырғызстандық өндірушілердің сүт өнімдері мен кондитерлік бұйымдарының бір қатарының техникалық регламенттер талаптарын жүйелі түрде бұзу фактілері байқалуда. Мысалы, 2016 жылы Комитет микробиологиялық көрсеткіштер бойынша "Ак-сут" ААҚ шаруа майы сүт өнімін, май-қышқыл құрамы бойынша "Вимм Биль Дамм" ААҚ сүтін, жалғандығы бойынша "Куликовский" КД кондитерлік өнімдерін әкелуге уақытша шектеу енгізді. Тек қазан айында ғана қырғызстандық өндірушілердің сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің пайызы 23,4 % -ды, ал жеңіл өнеркәсіп тауарлары 44% -ды құрады, бұл әр бір 2-3-ші сынама", - деді бұл туралы арнаулы тоқталып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу