Елімізде тарифтік саясат жөнінен кеңес құрылады

852

Елімізде тарифтік саясат жөнінен кеңес құрылады

Елімізде тарифтік саясат жөніндегі кеңес құрылады. Бұл табиғи монополиялар саласындағы консультациялық кеңесші орган қызметін атқарады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

Мәжілісте "Табиғи монополиялар туралы" заң жобасын таныстырған Серік Жұманғарин тарифті белгілеудің жаңа ынталандырушы әдісі енгізілетінін де тілге тиек етті. Бұл өз кезегінде инвестиция тартуға, шығындарды төмендетуде,  субъектілердің тиімділігін арттыруға бағытталады.  Сондай-ақ тариф белгілеудің жаңа әдісін енгізу салаға инвестицияға тартуға мүмкіндік береді. Алайда тариф құны шамамен 15 пайызға өсуі мүмкін.

"Әрбір өңірлерді экономикалық-әлеуметтік жағдайларға байланысты, мысалы, қазір бірыңғай тариф жасасақ, кейбір өңірлерде тариф азаяды, кей жерлерде көтеріледі. Қазір экономиканың структуралары бар,  бизнестің шығындары бар. Олар өзгереді. Қалай ықпал етеді, әсер етеді экономикаға. Cоның бәрін есептеуіміз керек", - дейді ҚР ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу