Тастан жасалған құрылыс заттары импортына тыйым салынды

98

Бұл тыйым 3 ай бойы күшінде болады және отандық құрылыс материалдары нарығындағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.  

Тастан жасалған құрылыс заттары импортына тыйым салынды Фото: facebook / atamekenkz

Үшінші елдерден тастан жасалған бұйымдар мен гипсокартон импортына тыйым салуды енгізуге қатысты тауар ағынын реттеудің жаңа шаралары қаралып, импортқа тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Уақытша шара импорттық шектеулер жағдайында өз өнімдерінің қазіргі бағасын ұстап тұруға дайын екендіктерін растаған отандық өндірушілерді қолдауға арналған. Шектеулер тастан жасалған бұйымдардың жекелеген түрлеріне әсер етеді.

Атап айтқанда, ескерткіштер мен құрылыстар үшін қолданылатын гранит, жол жиектері, брусчатка және басқа да ұқсас бұйымдар.

Атамекен палатасы Өңдеу өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Гүлмира Қажыбекованың айтуынша, палата бұл мәселені 2024 жылдан бері белсенді түрде көтеріп келеді. Палатаның табанды және жүйелі жұмысының арқасында аталмыш мәселе 21 қаңтарда ведомствоаралық комиссияның талқылауына ұсынылды.

Отырыста ұсыныс қазақстандық кәсіпорындардың нақты мүмкіндіктеріне негізделіп, бүгінгі таңда еліміздің ішкі қажеттіліктерін толықтай дерлік қамтамасыз етіп отырғаны айтылды.

Осылайша, Атамекен палатасының белсенді қатысуымен "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңы шеңберінде Ұлттық өндірушілердің мүддесі үшін уәкілетті орган тиісті нормативтік-құқықтық актіні әзірлейтін болады.

Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 95,2 мың тонна брусчатка өндіріліп, ішкі тұтыну көлемі 58,76 мың тоннаны құраған.

Qazaq Stone Қазақстанның тас өңдеу өнеркәсібі одағының мәліметінше, отандық өндірушілердің қуаты ел сұранысын толығымен өтейді.

Гипсокартон мәселесінде де жағдай осыған ұқсас. Өткен жылы ішкі сұраныс 38,8 млн м² болса, 35,5 млн м² өндірілді, ал қазіргі қуаттылығы шамамен 46 млн м².

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу